"Барыс" бапкерлер штабын жариялады

©hcbarys.kz

Бүгін, 9 қазанда астаналық "Барыс" ҚХЛ аясында челябілік "Трактормен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өтетін кездесу 19:30-да басталады. Тікелей трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Бұл матч алдында "Барыстың" баспасөз қызметі бапкерлер штабын таныстырды.

"Барыстың" бас бапкері міндетін атқарушы Ғалым Мәмбеталиев. Оның штабына Константин Пушкарев (бас бапкердің көмекшісі), Александр Высоцкий (шабуылшылардың бапкері), Ерлан Сағымбаев (қорғаушылардың бапкері) және Александр Березенский (ЖФД бойынша бапкер) кірді", - делінген клуб хабарламасында.

Астаналық клубтың бұрынғы бапкері, белоруссиялық Андрей Скабелка ҚХЛ-дегі қатарынан бесінші жеңілістен кейін қызметінен кеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport