1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Хоккей
3 наурыз 10:10
 

"Барыс" бапкері масқара болып жеңілуге қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

"Барыс" бапкері масқара болып жеңілуге қатысты пікір білдірді ©

Астаналық "Барыс" клубының бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Санкт-Петербургтің "СКА" командасынан 0:7 есебімен ойсырай жеңілуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Астаналық "Барыс" клубының бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Санкт-Петербургтің "СКА" командасынан 0:7 есебімен ойсырай жеңілуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Есептің өзі-ақ айтып тұр. Өкінішке қарай, біз тек алғашқы алты минутта ғана келісілген тапсырманы орындадық. Одан кейін мінез де, шеберлік те көрінбеді — қақпа алдында да, аумақта да. Сәттер болды, бірақ пайдалана алмадық. Қорғаныста мүлде жауапсыздық таныттық. Меніңше, бұл — барлық көрсеткіш бойынша біздің ең сәтсіз ойынымыз. Сондықтан нәтиже де заңды", — деп береді Кравецтің сөзін Shaiba.kz.

Бұл елордалық клубтың қатарынан бесінші рет ұтылуы, команда тұрақты чемпионаттағы сәтсіз сериясын үзе алмай келеді.

"Барыс" 62 ойыннан кейін 47 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы, яғни соңғының алдындағы орында тұр.

Ал "СКА" 71 кездесуде 61 ұпай еншілеп, Батыс конференциясында жетінші сатыға жайғасқан.

Келесі ойынын астаналықтар 7 наурыз күні сырт алаңда өткізеді. Қарсылас — "Куньлунь Ред Стар", халық арасында "Шанхай айдаһарлары" атанып кеткен команда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!