auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барыс" бапкері бір-біріне соғылған команда көшбасшыларының жағдайын айтты

Екеуі Уфада жарақаттанды.

"Барыс" бапкері бір-біріне соғылған команда көшбасшыларының жағдайын айтты
© "Барыс" ХК
"Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелка хоккейшілер Брэндон Боченски мен Мэтт Фрэттиннің ойынға оралуы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында, жарақат алған екі форвардтың жаттығулар жасай бастағаны хабарланған еді. 

"Бәрі жақсы демалды. Тынығуға екі күніміз болды. Кеше мұзсыз күн өтті. Жігіттердің барлығы тынықты. Жарақат алғандар бойынша - Боченски ертең, 9 ақпанда мұзайдынға шығады. Мэттью Фрэттин ертең шыға қоймайтын шығар. Әлі өткізе тұрады. Ауыр жарақат жоқ", - дейді Скабелка.

Еске салайық, 4 ақпан "Салават Юллаевпен" қонақтағы ойында Боченски мен Фрэттин қатты жылдамдықпен соқтығысты да, ойынды жалғастыра алмады. Көшбасшылардың шығып қалуы "Барысқа" овертаймда жеңіске жетуге кедергі болмады - 3:2. Осылайша, астаналықтар Чернышев дивизионында бірінші және Шығыс конференциясында екінші орынды сақтап қалды. 

Биылғы ҚХЛ-дегі 51 матчте Фрэттин есебінде 39 (17+22) ұпай, ал Боченскиде - 38 ойында 32 (14+18) ұпай. Бұл маусымда Боченски бұған дейін де жарақат салдарынан бір жарым ай ойынға қатыспаған. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар