"Барыс" америкалық лигадағы қақпашыны сапына қоспақ

©"Барыс" ХК

"Барыс" ҰХЛ-де өнер көрсететін клубтың қақпашысын сапына қоспақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

"АренаБреда" телеграм арнасының мәліметінше, клуб алдағы уақытта бұл туралы ресми хабарлайды.

"Біздің мәлімет бойынша "Барыстың" жаңа ойыншысы "Баффало Сейбрз" жүйесіндегі командалардың бірінде өнер көрсеткен", - делінген хабарламада. 

Мұның алдында, астаналық клуб легионер қақпашы алуға ниетті екені айтылған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport