"Барыс" америкалық клубтарда ойнаған мықты хоккейшіні сапына қоспақ

©NHL

Финляндиялық тәжірибелі қорғаушы Сами Ватанен "Барыс" сапына өтуі мүмкін, деп хабарлайды "Шайба.kz".

Өткен маусымды 30 жастағы хоккейші "Нью-Джерси Девилз" бен "Даллас Старз" командаларында өткізді. ҰХЛ-дің 39 матчінде ол 6 (2+4) ұпай жинады. 

Мұның алдында "Барыс" президенті Борис Иванищев қорғаушы позициясына легионер алғысы келетінін хабарланған. 

"Бапкерлер штабы тағы бір қорғаушы алу керегін айтты, өйткені бізде қорғаныстан алты ойыншы кетті. Мықты хоккейші қажет. Қазір бірнешеуін таптық, бапкерлермен ақылдасып жатырмыз. Мәселе ақшада. Деңгейі жоғары ойыншы болады", - деген еді Иванищев баспасөз мәслихатында. 

Еске салайық, 3 қыркүйекте "Барыс" ҚХЛ-дің жаңа маусымындағы бірінші матчін өткізеді. Астаналықтар өз мұзайдынында "Салават Юлаевты" қабылдайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: