"Барыс" америкалық жаңа ойыншысын бауырсақ және қымызбен қарсы алды

©theahl.com/Andy Nietupski

"Барыстың" америкалық жаңа ойыншысы Энтони Луис Қазақстанға келді.

Шабуылшыны Нұр-Сұлтан әуежайында бауырсақ және қымызбен қарсы алды. 

"Қош келдің, Луис", - делінген клубтың Instagram желісіндегі парақшасында.

27 жастағы хоккейшімен біржақты келісімшарт бір маусымға (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін) есептелген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport