"Барыс" алты ойыншымен келісімшарт жасады

©Барыс ХК

"Барыс" хоккей клубы жүйенің алты ойыншысымен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді, деп жазады клубтың ресми баспасөз қызметі.

Бір жыл мерзімге (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін) есептелген екі жақты келісімге қақпашы Желал-ад-Дин Әмірбеков, қорғаушылар Темірлан Гайтамиров және Мәди Диханбек, сондай-ақ, шабуылшылар Андрей Рунов, Абай Манғысбаев және Диас Гусейнов қол қойды.

Әмірбеков (15 матч, СК – 2,79), Гайтамиров (50 матч, 2+7 ұпай), Диханбек (46 матч, 1+7), Рунов (51 матч, 22+16), Гусейнов (54 матч, 18+30) өткен маусымда "Номад"  құрамында өнер көрсетті.

Абай Манғысбаев өткен маусымды "Қар барыстары" құрамында бастап, содан кейін "Номадқа" ауысты (жалпы 32 матч, 3+3).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport