"Барыс" әлем чемпионын қатарға қосты

©wbspenguins.com

"Барыс" хоккей клубы әлем чемпионын қатарға қосты, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Барыс" хоккей клубы Кристофер Биграспен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Канадалық қорғаушымен біржақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Биграс бүкіл мансабын Солтүстік Америкада өткізген. Канаданың жасөспірімдер құрамасының сапында Кристофер әлем чемпионы атанған еді. 2013 жылы "Колорадо" командасымен драфтталған қорғаушы оның сапында өнер көрсетіп, ҰХЛ-да 46 матч өткізіп үлгерді.

АХЛ-да спортшы 279 кездесу өткізіп, өз еншісіне 120 (26+94) ұпай жазды. Өткен маусымды Биграс "Чикаго Вулвз" командасының сапында аяқтады. Кристофер 12 ойын өткізіп, өз еншісіне 3 (2+1) ұпай жазып, командасына Колдер Кубогін жеңіп алуға көмектесті.

Хоккейші құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қажетті рәсімдерден өткеннен кейін командаға қосылатын болады.

Кристофер Биграсс

Туған күні: 22.02.1995.

Бойы: 185 см.

Салмағы: 87 кг.

Сырғытпатаяқты ұстау: сол жақ.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport