"Барыс" АҚШ-та ойнаған қазақстандық хоккейшімен келісімшарт жасады

Тамирлан Гайтамиров. Сурет "Барыс" сатйынан алынды.
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы капитаны Тамирлан Гайтамиров "Барыспен" келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Гайтамиров командамен бір жылдық келісімшарт жасаған. Бұл келісімшарт бойынша ол "Барыс" сапында да және Қазақстан чемпионатында елордалық команданың форм-клубы "Номад" сапында да ойнай алады. 

20 жастағы Гайтамиров Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. 2015 жыл мен 2020 жылдар аралығында ол АҚШ жерінде жастар арасындағы әртүрлі лигаларда ойнаған. Оның соңғы командасы "Дес Мойнс" деген ұжым болған. Бұл командада хоккейшіміз 23 кездесу өткізіп, үш нәтижелі пас берген. 

2020 жылы Гайтамиров Чехида өткен әлем біріншілігінде Қазақстан жастар құрамасының капитаны болған. Әлем біріншілігінде ол жеті ойынға қатысқан. 




Метки: