"Барыс" "Адмиралдан" басым түсті

©shaiba.kz

"Барыс" құрлықтық хоккей лигасы аясында "Адмиралды" ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бүгін, 13 қазан күні Андрей Скабелка шәкірттері өз айдынында Владивостоктан келген командадан басым түсті.

Осының алдында Қытайдың "Куньлуніне" оңбай (0:5) ұтылған елордалықтар бұл жолы өз жанкүйерлерін жерге қаратпады. Есеп 3:1.

Осы жеңісінің арқасында "Барыс" Шығыс конференциясында 19 ұпаймен 4-орынға көтерілді. Жерлестеріміз келесі кездесуін 15 қазанда "Барыс Аренада" Хабаровскінің "Амурына" қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport