Sochi Hockey Open аясындағы кезекті матчте омбылық "Авангард" петерборлық СКА командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сочиде өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 48-ші минутта жалғыз голды қазақстандық форвард Дмитрий Шевченко салды.
Еске салайық, "Авангард" сапына өтпес бұрын Шевченко "Барыста" төрт маусым ойнады. 2020/21 маусымында 25 жастағы шабуылшы 46 матчте ойнап, 17 (1+5) ұпай жинаған, пайдалылық көрсеткіші "-11".