Американың ең басты лигасында короновирус жұқтырған бірінші ойыншы ресейлік болды

© Getty Images
Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) COVID-19 вирусын жұқтырған бірінші адам "Оттава Сенаторз" командасының ресейлік қорғаушысы Никита Зайцев болды, - деп хабарлайды "БИЗНЕС Online".

Мұның алдында канадалық командада ойыншылардың бірінде тест осы індетті жұқтыранын көрсеткені хабарлаған, алайда, ойыншының аты аталмаған еді. 

БАҚ ақпараты бойынша, қазір клубта өзге ойыншылардан да тест алынып жатыр. 

Коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған ҰХЛ-дің биылғы маусымында Зайцев 58 ойында 12 (1+11) ұпай жинады. 
Метки: