Хоккей
20 ақпан 2018 15:07
 
Америкалықтар ресейлік хоккейшіні Пхенчхандағы Олимпиада-2018 ойындарынан қууды сұрап отыр

  Пікірлер

blog.share

Америкалықтар ресейлік хоккейшіні Пхенчхандағы Олимпиада-2018 ойындарынан қууды сұрап отыр Вячеслав Войнов. © Stavki1.com

USA Today басылымының журналисі хоккейден Ресей құрамасындағы Вячеслав Войновты Пхенчхандағы Олимпиада-2018 ойындарынан қууды ұсынды, - деп хабарлайды Lenta.ru "Спорт-Экспресс" порталына сілтеме жасап. 

Баспасөз конференциясында журналист Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) коммуникациялар директоры Марк Адамстан неліктен зорлық бойынша айыпталған Войновты Қысқы ойындарға жібергені туралы сұрады. "Войновтың Олимпиада ойындарына қатысу қатыспауын халықаралық федерация шешкен. Бұл мәселені соларға жіберу керек", - деді Адамс. 

17 ақпанда ресейлік хоккейшілер АҚШ құрамасын топтық кезеңде 4:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар ширек финалға шықты. Ойын аяқталғаннан соң америкалық баркер Тони Гранато ресейлік әріптесі Олег Знаркудың қолын алудан бас тартты. 

2014 жылы "Лос-Анджелес Кингс" сапында өнер көрсеткен Войнов әйелі Мартаны зорлады деген күдікке ілінген еді. Ресейлік азаматты 90 тәулікке қамау туралы үкім шықты. Сонымен қатар ол үш жыл бойы сынақ мерзімін өтеуі тиіс болатын. 2017 жылы Войновтар отбасында Роман есімді ұл дүниеге келді. 

Жарнама

Живи спортом!