Хоккей
6 қаңтар 11:34

"Алып ұрып, мұзға жатқызды". "Барыс" капитаны ҚХЛ-де ресейлік хоккейшімен төбелесті

©"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" хоккей клубының капитаны Әлихан Әсетов Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы тольятилік "Ладамен" матчте төбелесті. 

Ойынның 52-минутында Әсетов Михаил Фисенкомен төбелесті. Бұл уақытта астаналық команда 0:5 есебімен ұтылып жатқан. 

Әлихан біренше соққы өткізіп алғанымен, қарсыласын мұз үстіне алып ұрғанда төбелесті төрешілер тоқтатты. 

Осыдан кейін екі ойнышы да бес минуттан шеттелді. 

"Барыс" бұл матчте 0:5 есебімен есе жіберді. Астаналық команда осымен қатарынан жеті матч ұтылып отыр. "Барыс" қазіргі таңда 23 ұпаймен Шығыс конфенциясында соңынан бір саты жоғары. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport