Бүгін, 17 қыркүйекте астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Алматыда матч өткізеді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Андрей Скабелка жаттықтыратын команданың қарсыласы мәскеулік "Спартак". Ойынның басталуы жергілікті уақытпен 19:30. Матчті QazSport арнасынан тамашалауға болады.
Жеті ойын қорытындысы бойынша мәскеулік клуб ҚХЛ Батыс конференциясында жетінші орында. Ал "Барыс" Шығыс конференциясында тоғызыншы.
Жарнама