Әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының тағдыры шешілетін матчке тікелей трансляция

Сурет: ҚХФ

Бүгін, 1-маусым Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының элиталы дивизионындағы топтық кезеңінің соңғы матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, бүгін Канада құрамасы Финляндиямен ойнайды. Ойынның басталуы 15:15. 

Дәл осы матчтен Қазақстан құрамасының жарыстағы тағдыры шешіледі. Егер Финляндия негізгі уақытта жеңіске жетсе, Қазақстан тарихта алғаш рет Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтеді. 

Ал егер Канада бір ұпай болсын алса, Қазақстан топтан шығып қалады. 

Метки: