Әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншыларының есімі аталды

Сурет: ҚФХ, Ольга Бугаева©

Ригадағы әлем чемпионатының ұйымдастырушы комитеті Қазақстан құрамасындағы ең үздік хоккейшілерді атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар қақпашы Никита Бояркин, қорғаушы Даррен Диц және шабуылшы Никита Михайлис.

Еске салайық, Юрий Михайлис жаттықтыратын команда Норвегиядан ұтылғаннан кейін (1:3) B тобында бесінші болып, ширек финалға шыға алмады.