Әлем чемпионатында Боратты Қазақстанға жанкүер етіп отырғызыпты

Сурет: STMEGI

Ригада хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр, алайда, коронавируске байланысты ойындар көрерменсіз өтуде, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған байланысты турнир ұйымдастырушылары трибунаға жанкүйерлер макетін орналастырған. Ал осы макеттер арасында Қазақстан құрамасы киімімен Боратты отырғызып қойған екен. Алайда бұл әзіл немесе басқа мақсатта жасалды ма түсініксіз. 

Қалай дегенмен Юрий Михайлис жаттықтыратын команда бірінші ойында Латвияны, ал екіншісінде - әлем чемпионы Финляндия құрамасын ұтты. 

Еске салайық, Қазақстан 25 мамырдағы келесі ойында Канаданы ойсырата ұтқан (5:1) АҚШ құрамасымен кездеседі. Одан кейін Германия (26 мамыр), Канада (28 мамыр), Италия (29 мамыр) және Норвегиямен (31 мамыр) ойындар бар.

Метки: