Хоккей
6 тамыз 2020 12:34
 
"Ақтөбе" хоккей клубы тарап кетуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

"Ақтөбе" хоккей клубы тарап кетуі мүмкін Сурет "Ақтөбе" сайтынан

Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін "Ақтөбе" хоккей командасы ел біріншілігінің басталуына бір ай қалғанда әлі қаржылық мәселесін шеше алмай отыр. Бұл туралы "Шайба.kz" хабарлайды. 

Ақтөбе облысының спорт және мәдениет басқармасы 2020/21 жылғы маусымға әлі тендер жарияламаған. Егер тендер болмайтын болса, команда Қазақстан чемпионатынан шығып қалады. 

"Ақтөбе" хоккейшілері 30-31 тамызда жиналу керек. Ал біріншілік 12 қыркүйек басталады деп жоспарланған. Команда хоккейшілерінде маусымға дайындалуға екі апта ғана болады.

Хоккейшілермен келісімшарт әлі жасалмаған. Шартнама 1 қыркүйек жасалады екен. Команда басшылары келісімшарт міндеттерін өз мойындарына алатынын айтыпты. Сондай-ақ, қаржылық қиындықтарға байланысты "Жастар" лигасында ойнайтын жастар командасы тарап кетуі ықтимал.

Еске салайық, "Ақтөбе" хоккей командасы 2019 жылы құрылды. Өткен маусымда ел біріншілігінде сегізінші орын алды. Чемпионат пандемияға байланысты мерзімінен бұрын тоқтап қалды.

Жарнама

Живи спортом!