АҚШ пен Финляндия чемпионатында ойнаған қазақстандық хоккейші елге оралды

26 желтоқсан 2021 13:42
©"Барыс" ХК

"Алматы" хоккей клубының қатарына қазақстандық Владислав Сайко қосылды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Сайко ағымдағы маусымды белорусьтік "Гомель" сапында бастап, онда екі ойын өткізді. Содан кейін "Могилевке" ауысып, онда 23 ойында мұз айдынына шығып, 7 (4+3) ұрай жинады.

2020/21 жылғы маусымда елордалық "Снежные Барсы" намысын қорғады. Одан бөлек финляндиялық "Эссят" пен америкалық "Нью-Джерси Рокетс" командаларында өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: