5-8 қараша аралығында Өскеменде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.
Қазақстан құрамасы турнирде Жапония, Қытай және Корея командаларымен жүлде үшін бақ сынайды.
30 қазанда Өскеменде жарысқа дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны басталды.
Бұл жиынға Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне еліміздің төрт клубының ойыншылары енді:
«Айсұлу» және «Айсұлу Таңдаулы» (Алматы), «Томирис» (Астана), «Торпедо» (Өскемен).
Жиынға барлығы 26 хоккейші шақырылды: 23 ойыншы және 3 қақпашы. Турнирге қатысатын негізгі құрамда 23 спортшы болады.
Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі де – «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»);
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Дария Молдабай (а), Александра Воронова (бәрі – «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де – «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (бәрі – «Айсұлу»);
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова (А), Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (бәрі – «Айсұлу»), София Зубкова, Кира Крухольская, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (бәрі – «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева (К), Надежда Филимонова, Александра Шегай (бәрі – «Томирис»), София Муравьева, Мадианна Нусупова (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы»).