4:0. Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Францияны да ұтты

©©icehockey.kz

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында (І дивизион) Қазақстан командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Бүгін Сергей Старыгиннің командасы Франциямен кездесіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан сапынан Нұркенов дубль жасаса, Смольянинов пен Ким бір шайбамен көзге түсті. 

Айта кетейік, бұған дейін біздің спортшылар Венгрия және Дания құрамаларынан айла асырған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: