2020 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы іріктелді

26 желтоқсан 2019 11:40
© shaiba.kz
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының бапкерлер штабы Чехияда өтетін 2020 жылғы чемпионатқа қатысатын құрамды жариялады, - деп хабарлайды "Шайба.kz".

Тізімге үш қақпашы, жеті қорғаушы мен 13 шабуылшы кірді. Олардың ішінде АҚШ-тың Басты юниорлық хоккей лигасында (USHL) ойнайтын Тамирлан Гайтамиров та бар. 

Қақпашылар: Владислав Нурек, Максим Павленко, Роман Калмыков;
Қорғаушылар: Артем Королев, Тамирлан Гайтамиров, Мади Диханбек, Данил Бутенко, Тимофей Катасонов, Давид Муратов және Владимир Шлычков;
Шабуылшылар: Олег Бойко, Руслан Демин, Юсуп Асуханов, Денис Чапоров, Андрей Буяльский, Владислав Сайко, Станислав Александров, Никита Ляпунов, Максим Чалов, Константин Бондаренко, Әлихан Өмірбеков, Ансар Шайхмедденов және Максим Мусоров.

Турнир 26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығы Острава мен Тршинец қалаларында өтеді. А тобында Қазақстан қарсыластары Финляндия, Швейцария, Швеция және Словакия құрамалары. В тобында АҚШ, Канада, Ресей, Чехия және Германия.
Метки: