18 жастағы қазақстандық хоккейші канадалық клубқа ауысты

10 қыркүйек 2020 17:28
Сурет: shaiba.kz
Астана хоккейінің тәлімгері Асқар Айманбетов канадалық "Сент-Джордж Рэйвенс" деп аталатын хоккей клубымен келісімшарт жасады. Бұл клуб Канаданың GMHL лигасында өнер көрсетеді,- деп хабарлайды "Шайба.kz".

Өткен маусымда 18 жастағы шабуылшы Американың жастар лигасында ойнайтын "Сикост Спэртанс" командасында өнер көрсеткен болатын. Айманбетов 16 кездесуге қатысып, 3 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ "Миннесота Блю Окс" деген команда сапында да ойнаған. 



Метки: