14 жастағы хоккейші кеудесіне тиген шайбадан көз жұмды

©Видеодан кадр

Санкт-Петербургтік СКА мектебінің жас хоккейшісі Всеволод Мальков жаттығу кезінде кеудесіне шайба тиіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 78.ru басылымына сілтеме жасап.

"11 тамызда бүкіл хоккейшілер отбасы үшін қайғылы оқиға болды. 2008 жылы туған СКА мектеп командасының оқу-жаттығу жиынында болған жазатайым оқиғаның салдарынан жас хоккейші Всеволод Мальков қаза болды. Жаттығулардың бірінде қорғаушы соққысымен шайба ойыншының кеудеге, жүрес тұсына тиді. Команда дәрігері хоккейшіге дереу көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырып, барлық реанимациялық шараларды жүргізді. Всеволодтың жүрегі қайта соғып, ол ауруханаға жеткізілді, бірақ баланы құтқару мүмкін болмады", - делінген СКА хабарламасында.

СҚҚ марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсететінін атап өтті. Хоккей клубында болған бұл жағдай жазатайым оқиға деп мойындалып, барлық мән-жайлар бойынша қызметтік тергеу басталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport