Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Сазайларын бердім". Рыспаев қытайлық командамен жаппай төбелес не үшін болғанын айтты

Қытайлық команда "Барсытың" мықты ойыншысын қатты жарақаттаған.

"Сазайларын бердім". Рыспаев қытайлық командамен жаппай төбелес не үшін болғанын айтты
Сурет: "Барыс" ХК
Қазақстандық белгілі тафгай Дамир Рыспаев Vesti.kz сайтының Instagram желісіндегі тікелей эфирінде қытайлық "Куньлунь" командасымен жаппай төбелесті есіне түсірді, осыдан кейін ол ҚХЛ-де ұзақ уақыт ойыннан шеттелген еді. 

Хоккейші соның алдындағы матчте өте дөрекі ойнап, "Барыстағы" әріптесін жарақаттағаны үшін қарсыластарын орнына қойғысы келгенін айтады. Рыспаев осы үшін қатаң жазаланғанына таңданыпты, өйткені бұл тіпті маусым алды турнир де емес, жолдастық кездесу болған. 

- Дамир, "Куньлунь" командасының жартысын қалай сабадың?

- Ойланбай. (күледі)

- Оны көрдік.

- Ашулы едім. Ешқандай бір қарсылық көрсетпей қалды. Момын бола қалды бәрі. Біріне барып: "Go fight?" дедім. Алдыңғы ойында біздің жігітті ауыр жарақаттағаны үшін өш алатынымды айттым. Бір-екі апта ғана жататындай жарақаттаса мейлі ғой. Алады да (Дастин Бойдты - ред.) төрт айға шығарып тастады. Бұл мүлде дұрыс емес. Шықтым. Сазайларын бердім. Шамамен солай (күледі). Мұз үстінде ары-бері сүйредім. 

Жігіттер басқа орында төбелесе бастағанда төрешілер де сасып қалды. Қайыров, Ибрагимов те сабады. Бұл сондай амал болды. Бапкермен төрешілердің назарын басқа жаққа бұрудың жолын талқылағанбыз. 



Осынша ұзақ уақытқа шеттелуге дайын болдың ба?

- Мұндай шеттеу болған ба өзі? ҰХЛ-дің өзін алып қараңыздар. Саймон қарсыласының басынан клюшкамен ұрып, сұмдық жарақаттады, сонда оны 12 ойынға ғана шеттеді-ау деймін. Ал біздікі ресми турнир емес, жәй жолдастық кездесу. Алды да мені мерзімсіз шеттеп тастады. 

Сосын Юрзиновтің "арыз жазамыз" дегені бар. Арыз? Хоккейде? Хоккей не болып кеткен? Бірдеңе дұрыс емес-ау (күледі).
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
20 желтоқсан
11:43