0:2 ұтып жатқан "Барыс" кезекті рет ұпайсыз қалды

©Барыс ХК

"Барыс" құрлықтық хоккей лигасы аясында қатарынан төртінші ойында ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл жолы елордалықтар "Сибирьге" есе жіберді.

Новосибирскідегі матч айдын иелерінің пайдасына 4:3 есебімен аяқталды. Кездесудің 7-минутында Линден Вей мен Аркадий Шестаков шайба салып қонақтарды алға шығарды. Алайда "Сибирь" сапында Никита Коротков, Александр Шаров, Вячеслав Основин және Тревор Мерфилер бір-бірден көзге түсті. Дінмұхамед Қайыржан есеп айырмасын қысқарта алды. Дегенмен бұл жеңілістен құтқармады.

Осылайша, Андрей Скабелка шәкірттері қатарынан төртінші ойында жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр. Осыған дейін "Барыс" Омбының "Авангардына" (0:6), Нижнекамскінің "Нефтехимигіне" (2:4) және Магнитогорскінің "Металлургіне" есе жіберген еді.

Осы жеңісінен кейін 28 ұпай еншілеген "Сибирь" Шығыс Конференциясында 4-орнын сақтады, 23 ұпайы бар "Барыс" 5-сатыда қалды.

Енді қазақстандық команда келесі кездесуін 29 қазан күні сырт айдында Уфаның "Салават Юлаевына" қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport