Зілтемірші Антропов әлем чемпионатының кіші күмісіне қол жеткізді

©olympic

Қазақстандық ауыр атлет Артём Антропов әлем чемпионатының кіші күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ташкентте ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық Артём Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 385  (164+221) келіні бағындырды. Мұндай нәтиже серпе көтеру бойынша кіші күміс жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді. Ал қоссайыс нәтижесінде жарыстың қорытынды кетесінде төртінші орынға ие болды. 

Айта кетерлігі, ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Қазақстан құрамасынан Арли Чонтей топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтынды салған болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар