Болгариялық Карлос Насар Ташкенттегі әлем чемпионатында 81 келі салмақта жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
17 жастағы зілтемірші жұлқа көтерідуе екінші болды - 166 келі, ал серпе көтеруде рекорд орнатып, бірінші болды - 208 келі, жалпы - 374 келі.
Жалпы есепте екінші ирандық Мирмустафа Джавади - 367 (163+204) келі, ал үшінші молдовиялық Марин Робу - 363 (168+195).
Турнир 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан жарысқа бір ғана спортшы - Арли Чонтей ғана қатысты, ол 55 келіде чемпион болды.