Ташкенттегі әлем чемпионатында 17 жастағы спортшы рекордпен жеңіске жетті
©segabg.com
Болгариялық Карлос Насар Ташкенттегі әлем чемпионатында 81 келі салмақта жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Болгариялық Карлос Насар Ташкенттегі әлем чемпионатында 81 келі салмақта жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
17 жастағы зілтемірші жұлқа көтерідуе екінші болды - 166 келі, ал серпе көтеруде рекорд орнатып, бірінші болды - 208 келі, жалпы - 374 келі.
Жалпы есепте екінші ирандық Мирмустафа Джавади - 367 (163+204) келі, ал үшінші молдовиялық Марин Робу - 363 (168+195).
Турнир 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан жарысқа бір ғана спортшы - Арли Чонтей ғана қатысты, ол 55 келіде чемпион болды.
Жарнама