auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды

Ел біріншілігінде тең келер қарсылас табылмады.

Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды
Reuters
Допинг дауына байланысты жаза уақыты аяқталып, спортқа қайта оралған Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында топ жарды.

Қазақстандық спортшы жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынады. Осыған дейін 53 кг-ға дейінгі салмақта жарыстарға қатысып келсе, жаңа ережеге сәйкес 55 кг-ға дейінгі салмақта жарысқа қатысатын болады.

Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып саналатын ел біріншілігінде Зульфия Чиншанлоға тең келер қарсылас табылмады. Сәуле Сәдуақасованың нәтижесі ғана жуықтаған. Бірақ ол 59 кг-ға дейінгі салмақта жарыс жолына шықты.

Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 85 кг-нан бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 кг-ды көтерді. Үшінші рет шыққанда 90 кг спортшының ырқына бағынбады.

Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 кг-ға тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады.  Нәтижесінде 202 кг (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді.

Екінші орын алған Ақмарал Үргембаева (58+76) Зульфиядан 68 кг-ға қалып қойды. Үшінші орынды Камила Острикова (58+75) иеленді.

Айта кетейік, Зульфия Чиншанлоның спорттық жарыстарға қатыспау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын. Ел чемпионаты - допинг дауынан кейінгі алғашқы жарысы. Спортшы Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01