auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Сәпи Есенгелді Лас-Вегастағы әлем чемпионатының жеңімпазы

13 наурызда әлі екі спортшы жарысады.

Сәпи Есенгелді Лас-Вегастағы әлем чемпионатының жеңімпазы
© Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасы Лас-Вегаста өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үшінші алтын медальды жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

81 келі салмақта бірінші орынды қазақстандық Сәпи Есенгелді жеңіп алды. Екі әдістің нәтижесі бойынша ол 309 келі көтерген (134 жұлқа, 175 серпе).



Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның қоржынына алтынды Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақта) және Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақта) әкелді. Соңғысы жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Лас-Вегаста ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионаты 15 наурызда аяқталады. Бұл чемпионатта 50 елден 13-17 жас аралағындағы екі жүзден аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның атынан бес спортшы өнер көрсетіп жатыр. 13 наурызда қазақстандық ауыр атлетшілерден соңғы болып Бекболат Рахат пен Ольга Пастухова шығады.

"Біз бірінші күні Ақмолда Сайрамкез алған алтынды толықтыруға бар күшімізді саламыз. Қаңтарда командамыз жаттығуға ден қойды, көп тер төгіп, осының арқасында қазір жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Ертең екі спортшымыз өнер көрсетеді. Пастухова үшін мұндай жарыстар бірінші рет емес, ол тәжірибелі, ал Бекболат Рахат осындай дәрежедегі жарысқа бірінші мәрте шығады", - деді жастар құрамасының бапкері Бақыт Ахметов.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01