Тяжелая атлетика
1 мамыр 2020 10:14

Рио Олимпиадасының чемпионы допинг қолданғаны үшін жазаланды

Руслан Нурудинов. Сурет: Reuters©

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді, - деп хабарлайды Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайты.

2019 жылы мамырда Спорттық арбитраж соты (CAS) Нурудиновті 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында антидопинг ережесін бұзғаны үшін кінәлі деп таныған - ауыратлеттің сынамасынан туринабор анаболикалық стероид табылған. 

28 жастағы Нурудинов 2018 жылдың 18 желтоқсанынан 2020 жылдың 17 желтоқсанына дейін спорттан шеттетілді.

Ол Лондон Олимпиадасында төртінші орын алған, ал Риода Олимпиада рекордын орнатып, алтын медаль иеленген болатын.