"Иә, бұл рас ақпарат. Бүгін бірінші жұмыс күнім. Қазіргі таңда еңбек күнімнің кестесі еркін, бұл жұмыс барысын толық түсініп, игеріп алуым үшін. Қалай дегенмен бұл өмірімдегі жаңа тараудың бірінші кезеңі.
Карьерамды ресми түрде әлі аяқтаған жоқпын. Жақын арада Федерация президенті, мәдениет және спорт министрімен тілдесемін. Ары қарайғы бағытымы белгілеймін. Бәрін міндетті түрде хабарлаймын. Дегенмен карьерамды аяқтайтыныма 90 пайыз басымдық беруге болады. Жаңа қызметіммен жаттығуларды бірге алып жүре алмаспын", - дейді Ильин.
Айта кетейік, 31 жастағы ауыр атлет 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдағы Әлем чемпионаттарының жеңімпазы. 2016 жылы ол допингке қайта тест тапсырғаннан кейін 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңген алтын медальдарынан айырылып, екі жылға жарыстардан шеттетілді.