Қазақстандық Зульфия Чиншанло Халықаралық ауыр атлетика федерациясы және WADA шешімімен спорттан 8 жылға шеттелді. Алет екінші рет допингпен ұсталып отыр, деп жазады Мassaget.kz.
Осылайша, Зульфия антидопинг ережесін екінші рет бұзғаны үшін спорттан 8 жылға шеттеліп отыр. 2022 жылдың соңында тапсырған қан сынамасынан "Метандиенон" препараты табылған.
7 жыл бұрын ХОК WADA көмегі арқылы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы чемпионын допинг қолданғанын анықтаған еді. Нәтижесінде Зульфияны чемпиондық атағынан айырып, 10.06.2016 – 10.06.2018 аралығында жарыстардан шеттеткен болатын.
Спортқа қайта оралғаннан кейін Зульфия Токио Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді. Азия чемпионатында алғаш рет топ жарды.
30 жастағы спортшы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен WADA шешіміне қарсы шағым түсіре алады.