Ресейлік зілтемірші допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілді

Татьяна Алеева. Сурет:ako.ru©
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ресейлік Татьяна Алееваны антидопинг ережелерін бұзғаны үшін уақытша жарыстардан шеттетті,- деп хабарлайды ұйымның ресми сайты. 

29 жастағы спортшының тестінен дегидрохлорметилтестостерон табылған. 

"Егер спортшы допинг ережелерін бұзбағаны расталса, ол шешім тағы қосымша хабарланатын болады", - делінген IWF хабарламасында. 

Айта кетейік, 29 жастағы Алеева екі рет Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері болған. 2017 жылы ол 63 келіге дейінгі салмақта жүлде алса, 2019 жылы 59 келі салмақта жүлдегерлер қатарына қосылды. 



Метки:
Жаңалықтар