auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Рахимов VS Нурудинов. Әлемнің үздік ауыр атлеті атағына кім лайықты?

Өткен жылдың ең үздік ауыр атлеті атағына 7 спортшы үмітті.

Рахимов VS Нурудинов. Әлемнің үздік ауыр атлеті атағына кім лайықты?
©express-k.kz

Қазақстандық спортшы, Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов 2016 жылдың ең үздік ауыр атлеті атануға үміттілер қатарына кірді. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтына сілтеме жасап Vesti.kz хабарлады.

Өткен жылдың ең үздік ауыр атлеті атағына 7 спортшы үмітті. Олардың барлығы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған.

Оскар Фигероа

Колумбиялық ауыр атлет Риодағы Олимпиада ойындарына төртінші рет қатысты. Афиныда 5-орын алса, Бейжіңде өткен додада жарақат алып қалған еді. Ал Лондонда күміс алса, Бразилия жерінде бағы жанып, асқан табандылықпен алтын медальға қол жеткізді.

Лун Цинцюань

Қытайлық ауыр атлет Риода 56 келіге дейінгі салмақта 16 жыл бойы жаңармай келген рекордқа түзету енгізді. Ол қоссайыста 307 келі көтерді. 

Киануш Ростами

Ирандық ауыр атлет Киануш Ростами Риода өзінің еншісіндегі әлем рекордын жаңартты.  85 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын спортшы қоссайыста 396 келіні көтеріп, Олимпиада чемпионы атанды. 

Киануш Ростами – танымал ирандық ауыр атлеттердің бірі. 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатына қатысып, қоссайыста 391 (178+213) келімен жеңіс тұғырынан көрінген. Ал оған дейін Париждегі (2011 жыл) әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.

Руслан Нуритдинов

Риодағы алтыны – өзбекстандық ауыр атлеттің спорттық мансабындағы ең ірі жетістігі. 105 келіге дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.

Лаша Талахадзе

105 келіден жоғары салмақта жарысқа қатысатын грузиялық ауыр атлет 2015-2016 жылдары ірі жетістіктерді бағындырды. 2013 жылы допинг дауына ілігіп, 2 жылға спорттан шеттетілген Лаша кейінгі жарыстарын тың серпінмен бастады. 2015 жылы Хьюстонда әлем чемпионы атанса, 2016 жылы Олимпиада және Еуропа чемпионы атанды.

Ниджат Рахимов

Риода Қазақстан құрамасының қоржынына алғаш болып алтын медаль салған Ниджат Рахимов чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты. 77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы серпе көтеруде 214 келіні басынан асырды. Бұл рекордтық көрсеткіш болатын.

Әйелдер арасында 2016 жылдың үздік ауыр атлеті атағына Дэн Вэй (Қытай), Сюй Шуцзин (Тайпей), Лим Джон Сим (КХДР), Сукания Срисурат (Тайланд), Сопита Танасан (Тайланд) және Сянь Яньмей (Қытай) үмітті. 

Жылдың үздік ауыр атлеті «IWF» ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру 31 қаңтарға дейін жалғасады. Отандасымызға дауыс беріп, қолдау білдірейік жанкүйерлер.

Айта кетейік, 1993 жылы 13 тамызда Әзірбайжанның Баку қаласында дүниеге келген. 2014 жылды тамыз айында Ниджат Ұлттық құраманың атынан өнер көрсетуге келісіп, Қазақстан азаматтығын алды. Екі жылдық дисквалификация аяқталған соң (допинг нәтижелері Әзірбайжан құрамасында жүрген кезіндегі (наурыз айы) көрсеткіштермен тіркелген), Ниджат Рахимов Қытайда өткен Гран-при жарысында алғаш рет Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсетіп, 85 келіге дейінгі салмақ санатында  4-ші орынды иеленді.

2015 жылы қарашада Хьюстондағы әлем чемпионатында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы сапында чемпион атанды. АҚШ жерінде Ниджат Рахимов қоссайыс қорытындысы бойынша үздік шықты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01