Рахат Бекболат ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

©olympic.kz

Ауыр атлетикадан Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz

Ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 155, серпе көтеруде 200 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 355 келіні еңсерді. 

Күміс медальді түркиялық Танер Чаглар (337 келі), қоланы Ирак өкілі Али Аммар Рубаяши (334 келі) иеленген. 

Бұл Рахат Бекболаттың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында иеленген екінші алтыны. Бұған дейін ол Ташкентте өткен әлемдік додада 377 келіні бағындырып, жеңімпаз атанған болатын. 

 


 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар