Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон Altyn Samǵaý-2021 ұлттық спорттық жүлдесінде "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы" аталымына үміткер.
Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы жылды жақсы жаңалықпен аяқтайтынына қуанышты екенін айтты.
"Бірінші кезекті маған сенім білдірген ұйымдастырушыларға рахмет. Ұлттық спорттық жүлдеге үміткерлер қатарында болу әрбір спортшы үшін үлкен абырой! Бұл жыл мен үшін табысты өтті. Есте қаларлық оқиғалар өте көп. Жылды жақсы оқиғамен аяқтау мен үшін мәртебе. Маған дауыс берген барша жанкүйерге алғыс айтамын", - деді Сон.