Тяжелая атлетика
19 қаңтар 2021 10:15
 

Олимпиада чемпионы қазақстандық Рахимов допинг үшін спорттан өмір бойы шеттелуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Олимпиада чемпионы қазақстандық Рахимов допинг үшін спорттан өмір бойы шеттелуі мүмкін Нижат Рахимов. Сурет: Zimbio©

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов антидопинг ережелерін бұзды деген күдікке ілініп, жарыстардан уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясына (IWF) сілтеме жасап.

blog.share

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов антидопинг ережелерін бұзды деген күдікке ілініп, жарыстардан уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясына (IWF) сілтеме жасап.

Халықаралық допинг-тестілеу агенттігінің (ІТА) шешіміне сәйкес, Рахимов 2016 жылы допинг тексеру үшін тапсырған несеп талдауын ауыстырды деген күдікке ілінді. Сол жылы ол Рио-де Жанейродағы Олимпиада чемпионы болған.

Егер Рахимовтың кінәсі дәлелденсе, ережені қайта бұзғаны үшін ол ұзақ мерзім немесе өмір бойына шеттелуі мүмкін. 2013 жылы спортшы Әзірбайжан үшін өнер көрсетіп жүріп, допинг қолданғаны үшін екі жыл шеттелген еді. 

Дәл сондай себеппен румыниялық ауыр атлет Думитру Каптари де жарыстардан уақытша шеттелді.

Айта кетейік, екі ауыр атлет те 77 келіге дейінгі салмақта жарысады. Рахимов - 2015 жылғы әлем чемпионы, ал 2013 жылы ол допинг үшін екі жылға жарыстан шеттетілген болатын. Каптари - 2017 жылғы Еуропа чемпионы.

Жарнама

Живи спортом!