"Масқара жағдай!". Илья Ильин пәтерінен айырылған Азия чемпионына қатысты
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин үкімет берген пәтерден қуып жатқан Азия чемпионы Айдар Қазовтың жағдайына қатысты пікір білдірді.
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин үкімет берген пәтерден қуып жатқан Азия чемпионы Айдар Қазовтың жағдайына қатысты пікір білдірді.
Мұның алдында Қазовтың өзі Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында СҚО әкімдігі жоғары көрсеткіш үшін сыйлаған пәтерден алданып, айырылып қалғанын айтқан. Басына түскен қиын жағдайға байланысты атлет карьерасын аяқтамақ.
"Спортқа бей-жай қарамайтындарға айтқым келеді. Азия чемпионы және Универсиада жеңімпазы Айдар Қазовтың жағдайына байланысты үнсіз қала алмадым. 2015 жылғы Азия чемпионатындағы жеңісі үшін Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Айдарға 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстаған.
Екі жыл Айдар оны атына аудара алмады. Осыдан кейін оған құжаттарын нақты жасап беретін басқа тұрғын-үй кешеніне көшуді ұсынған, ал енді оны қолындағы баласымен "сыйлаған" пәтерден шығуын сұрап жатыр, өйткені ол сатылып кеткен екен!
Мынау масқара жағдай! Чемпионның жас отбасы далада қалып отыр! Мұндай жағдайға түскен басқа да спортшылар бар. Сәйкес органдарды осы мәселені шешіп беруді сұраймын.
Бұлай болмайды! Спортшылар жастығын, денсаулығын спорт жолына салып, ел туын көтеру үшін бар жанын салады! Чемпион тұғырда болғанда ғана керек болып, болмаса "сыйлықты" тартып алу болмау керек.
"Қазақстан спортшылары одағындағы" жігітермен сөйлестім, олар өз кезегінде Петропавл мен СҚО әкімдіктеріне сауал жолдады! Бұл жағдайды бірге шешуге және мұндайдың қайталануына жол бермеуге болатынына сенемін!" - деп жазыпты Ильин Instagram желісінде.
Жарнама