Қоғамдық ұйымдар жеңіске жеткен трансгендер зілтеміршіні сынға алды

Жаңа Зеландия спортшысы трансгендер зілтемірші Лаурель Хаббард шілде айының ортасында Самоадағы Тынық мұхиты ойындарында екі алтын медаль иеленгеннен кейін қоғамдық ұйымдар оны сынға алды, - деп хабарлайды Reuters.

Он жыл бұрын Хаббард жынысын ауыстыру бойынша ота жасаған, оған дейін де ол ауыр атлетикамен айналысқан. Самоадағы жарыста спортшы екі алтын бір күміс медаль жеңгеннен кейін Speak Up For Women және Fair Play for Women ұйымдары наразылық білдірді. Біріншісі әйелдер спортын қорғауға шақырды, екіншісі спорттық шенеуніктердің "ұйқыдан тұруын" сұрады.

Хаббард қыз бола тұра ер адамның күшін жұмсайды, мұны ғалымдар дәлелдеген. Халықаралық Олимпиада комитеті 2015 жылы трансгендерлерді әйелдер жарысына қатысуға рұқсат беретін ереже шығарған. Алайда онда басты талап тестестеронның белгіленген межеден аспауы керек. Осылайша Хаббард 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады.

2018 жылы да Хаббардтың басы бәлеге қалған еді. Ол Достастық ойындарында басты фаворит атанған, алайда шынтағын жарақаттап, жүлдесіз қалған еді.
Метки:
Жаңалықтар