Тяжелая атлетика
9 ақпан 2017 12:17
 
Киануш Ростами әлемнің үздік ауыр атлеті, Рахимов үшінші орында

  Пікірлер

blog.share

Киануш Ростами әлемнің үздік ауыр атлеті, Рахимов үшінші орында ©inform.kz

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында 2016 жылғы ерлер және қыздар арасындағы әлемнің ең үздік ауыр атлеттері анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz

Федерацияның ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, жалпы биыл дауыс беруге 38 мыңнан аса адам қатысқан. Ал оның қорытындысы бойынша қыздар арасындағы 2016 жылдың үздік ауыр атлеті атағын тайландтық Сопита Танасан жеңіп алды. Бұл ару өткен жылы 48 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасына қатысып, алтын жүлде жеңіп алған еді. 

Қыздар арасында екінші орынға 63 келі салмақта Олимпиаданың алтынын жеңіп алған қытай қызы Дэн Вэй жайғасса, үшінші орын 2015 жылдың үздік атлеті атанған Қытай Тайбэйінің атынан өнер көрсететін Сюй Шуцзинға бұйырды. Бұл бұрымды Бразилия төрінде 53 келіге дейінгі салмақта алтын алған болатын. 

Ерлер арасында әлемнің үздік ауыр атлеті  Рио Олимпиадасында 85 келі салмақта топ жарған ирандық зілтемірші Киануш Ростами атанды. Екінші орынды Лаша Талахадзе алды. Грузиндік спортшы аса ауыр салмақта (+105 кел) Олимпиадада тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. 

Бұл бәсекеде бағын сынаған отандасымыз Ниджат Рахимов үшінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, 23 жастағы отандасымыз Олимпиадада 77 келіге дейінгі салмақта алтын алды. 

Жарнама

Живи спортом!