Тяжелая атлетика
4 сәуір 2023 10:22
 
Қазақстандық зілтеміршілер әлем чемпионатында жүлде саны бойынша көш бастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық зілтеміршілер әлем чемпионатында жүлде саны бойынша көш бастады ©facebook.com/АсхатОралов

Албанияда өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы медальдардың жалпы саны бойынша 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Алтын медальдарды 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков пен 102 келіге дейінгі салмақта Никита Әбдірахманов жеңіп алды. Екі спортшы да жұлқа және серпе көтеру қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетті. Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) мен Таисия Алексеева (64 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

"Спортшыларымызды және барлық қазақстандық жанкүйерді осынау жетістікпен құттықтаймын. Біздің жас ауыр атлеттерге болашақта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін. Жаттықтырушыларға да ерекше алғыс айтамын. Себебі олардың еңбегінің арқасында отандық ауыр атлетика мектебі Қазақстанды жаңа чемпиондардың есімдерімен әлемге танытып жатыр", - деп жазды ведомство басшысы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!