Қазақстандық зілтемірші жастар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарды
Қазақстандық зілтемірші Айсамал Сансызбаева Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қазақстандық зілтемірші Айсамал Сансызбаева Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
87 килоға дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз екі жаттығудың қорытындысы бойынша 258 (113+145) килоны бағындырып, бірінші орын алды. Екінші орынды ресейлік Виктория Орлова 235 (105+130) килоны көтеріп алса, 215 (100+115) килоны еңсерген канадалық Эмма Фризен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанның бас шаһарында Рахат Бекболат пен Абылай Әуелханов алтын алса, Алексей Дроздов күміс жүлде иеленді.
Жарнама