Нұрғиса Әділетұлы Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
96 келіде өнер көрсететін қазақстандық зілтемірші 383 (174+209) келіні еңсеріп, қоссайыс қана емес, жұлқа көтеруде де екінші болды.
Бұл салмақта чемпион колумбиялық Лесман Паредес атанды - 397 (185+212) келі.
Мұның алдында тағы бір қазақстандық Алексей Чуркин 73 келіде қола жеңіп алған болатын.