auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері допингпен ұсталды

Ол уақытша шеттелді.

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері допингпен ұсталды
Қазақстандық зілтемірші Анна Нұрмұхамбетова допинг ережелерін бұзды деп айыпталуда. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы 2012 жылғы Олимпиаданың жүлдегерін спорттан уақытша шеттетті.

Биылғы жылдың тамыз айында Талдықорған қаласында өткен Спартакиада ойындарында 81 килоға дейін салмақ дәрежесінде бақ сынап, алтыншы орын алған. Зілтеміршінің жарыс кезінде тапсырған қан сынамасынан тыйым салынған "Оралтуринабол" препараты табылған.

Қазіргі таңда спортшының ісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Егер Анна Нұрмұхамбетованың допинг қабылдағаны расталса ол 4 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның допингке қарсы орталығы биыл WADA ережесін бұзған 5 зілтемірші мен олардың жаттықтырушыларын спорттан шеттеткен болатын.

24-31 наурыз күндері Қызылорда қаласында өткен 20 жасқа дейінгі қыздар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде спортшыларға допинг тексеріс жүргізілген. Жарыста топ жарған Асылжан Бектай (81 кг), Әлішер Сейтқазы (102 кг), Гүлдана Жүніс (64 кг) және Аружан Көлбай (71 кг), сондай-ақ күміс жүлдегер Ерасыл Кеңесбаевтің (96 кг) қан сынамасынан тыйым салынған препараттың ізі табылған.

Қазақстанның допингке қарсы орталығы жанындағы WADA тәуелсіз комиссиясы тыйым салынған препаратты қолданған бес спортшыны екі жылға, ал олардың жаттықтырушылары Талғат Әбен мен Айбол Көлбаевты төрт жылға шеттетті.

Айта кетейік, күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Спорт және дене шынықтыру туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы" заңға қол қойды. Заң допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01