auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық белгілі атлет өзіне қол салды

Қазақстандық белгілі атлет өзіне қол салды
©Kaz Weightlifting Federation Instagram

Танымал қазақстандық ауыратлет Владимир Седов қайтыс болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысы Полиция департаменті мәліметінше, 26 маусымда сағат 22.05 шамасында Седов Владимир Владимирович суицид жасағаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

"35 жастағы ауыратлеттің денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұратын жерінен табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері болған жоқ. Туыстарының айғақтарына сәйкес, ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Қазір суицид дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алды",- делінген хабарламада.

Қайғылы жайтты Ауыр атлетика федерациясы да растады.

"Алдыңғы түні тәжірибелі спортшы, ауыратлет Владимир Седов қайтыс болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Олимпиаданың қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы Владимир Седов бала кезінен спортқа берілген. Үздік жетістіктері үшін "Құрмет" орденімен марапатталған. Владимир Седов 35 жаста еді.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол

Жарнама

Жаңалықтар
27 маусым 2023, 13:07
Ауыр атлетика
©Kaz Weightlifting Federation Instagram Қазақстандық белгілі атлет өзіне қол салды
16 қаңтар 2023, 14:41
Ауыр атлетика
©Видеодан кадр Илья Ильин үйлену тойынан видео жариялады
13 қаңтар 2023, 09:26
Ауыр атлетика
©Тұрар Қазанғапов Илья Ильин астаналық кәсіпкерге үйленді
26 желтоқсан 2022, 14:22
Ауыр атлетика
©ААФ Астанада "ILYIN IRON CUP" турнирі өтті
10 қазан 2022, 10:35
Ауыр атлетика
©Olympic.kz Чиншанло Азия чемпионы атанды

Жарнама

Жарнама