Қазақстандық ауыратлет Майя Манеза екінші сәбиін босанды

Сурет: unikaz.asia©

Қазақстандық ауыратлет Майя Манеза қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы спортшының өзі Facebook-парақшасында жазды. 

"Құрметті достар, бүгін менің өмірімде өте маңызды, қуанышты сәт. Біз жұбайым Вячеслав екеуміз кішкентай сұлудың ата-анасы атандық. Біздің Алина нағыз сұлудың өзі. 4 келі, 54 сантиметр болып туды. Көп күттірген қызым үшін Жаратқанға алғыс айтамын", - деп жазды Манеза. 

Айта кетейік, Манеза 2009 және 2010 жылдары әлем чемпионы атанған. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын жүлде алған еді. Бірақ 2016 жылы допинг сынағын қайта тексеруден кейін ол алтын жүлдесінен айырылып, екі жылға спорттан шеттетілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар