Қазақстандық ауыратлет әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

©ҚАФ

Қазақстандық ауыратлет Александра Беленко Мексикада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз 40 келі салмаққа дейін өнер көрсетті. Қос сайыстың қорытындысы бойынша ол 125 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде - 55, серпе көтеруде - 70 келі. 

Ал осы салмақта алтынды Колумбия елінің өкілі Эстрада Велез алды. Ол 128 (55+73) келіні еңсерді. Күмісті 127 (59+98) көтерген Үндістан елінің спортшысы Вявхаре Аканша  алды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар